Жауын-шашын, жел: 26 желтоқсанда ауа райы қандай болады
Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты 26 желтоқсанда ел аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Kazinform.
Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын (қар, жаңбыр) болады, күндіз оңтүстік-батыста жаңбыр жауады. Солтүстік-батыста қалың қар түседі. Оңтүстікте қатты оңтүстік-шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.
Еліміз бойынша тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, екпінді жел тұрады.
Солтүстік Қазақстанның солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, Қостанай облысында, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, күндіз солтүстікте, батыста, Ақмола облысының орталығында желдің екпіні 30 м/с және одан да жоғары болады.