Жауын-шашын, жел: Қазгидромет 25 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды

«Қазгидромет» РМК ел аумағында 25 сәуірде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.

Жауын-шашын, көктайғақ: 21 наурызға арналған ауа райы болжамы
Фото: Александр Павский/Kazinform

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан аумағының басым бөлігіне оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер ететін болады. 

«Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, қатты жаңбыр мен бұршақ жауады. Алматы облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, су қар), республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қатты жел соғады. Елдің батысында, солтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады», — делінген ведомстводан.

Қызылорда облысының орталығында және Қызылорда қаласында, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Соңғы жаңалықтар