Жәутіков атындағы ХХ халықаралық олимпиадаға 600-ге жуық оқушы қатысады

8-13 қаңтар аралығында Алматы қаласында Жәутіков атындағы ХХ халықаралық олимпиада өтеді, деп хабарлайды Kazinform.

Жәутіков
Фото: Kazinform

Оқу-ағарту министрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес, оған Қазақстан, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Ресей, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан, Болгария, Тәжікстан, Моңғолия, Грузия, Сербия, Үндістан және Румыния сынды әлемнің 14 елінен 55 команда, 600-ге жуық оқушы қатысады. 

Олимпиаданың мақсаты – дарынды оқушыларды анықтау, оларды интеллектуалдық тұрғыда одан әрі дамыту және кәсіби бағдарлау үшін жағдай жасау, оқушылар арасында физика, математика және IT білімдерін тарату және насихаттау, сондай-ақ басқа елдердің физика-математикалық мектептерімен халықаралық ынтымақтастықты дамыту. 

«Үш жыл бойы онлайн форматта өткізілген олимпиада биыл оффлайн форматта ұйымдастырылады. Жәутіков атындағы ХХ халықаралық олимпиаданың ашылу және жабылу салтанаты осы жылдың 8 және 13 қаңтарында Almaty Theatre-де өтеді», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар