00:13, 11 Шілде 2022 | GMT +5
Жауын, бұршақ, шаңды дауыл - дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазгидромет 11 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялайды,депхабарлайды ҚазАқпарат.
Оңтүстік циклоны және онымен байланысқан атмосфералық фронталды бөліктер ҚР территориясының басым бөлігіне ықпалын сақтайды – жаңбыр жауады. Найзағай, бұршақ, желдің күшеюі, оңтүстігінде күндіз шаңды дауыл, солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Тек
ҚР батысы мен оңтүстік-батысында антициклонның әсерінен жауын – шашынсыз ауа райы күтіледі.
Қызылорда облысының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-шығысында, Атырау облысының шығысында, солтүстігінде, Түркістан облысының шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Атырау облысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, батысында, Маңғыстау облысының оңтүстігінде қатты ыстық болжанады.