15:19, 03 Сәуір 2023 | GMT +5
Жауын, қар, жел - алдағы 3 күнгі ауа райы болжамы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет алдағы күндердегі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап
«5-6 сәуірде Қазақстанның батыс және оңтүстік өңірлерінде жаңбыр, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жауын-шашын, ал оңтүстігінде, оңтүстік – шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Таймыр аудандарынан жылжыған солтүстік циклонның әсерінен 6 сәуірде Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде жаңбыр жауады деп күтілуде. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік аймақтарында шаңды дауыл мен найзағай, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында тұман түседі», - делінген Қазгидромет хабарламасында.