Жауын салдарынан Қазақстанның үш облысында су тасқыны болуы мүмкін

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК филиалының ескертуі негізінде су тасқыны болатыны туралы хабарлады.

Жауын салдарынан Қазақстанның үш облысында су тасқыны болуы мүмкін

«Таяудағы тәуліктерде 16 мамырда Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарының өзендерінде нөсер жаңбыр болуы болжамына байланысты су тасқыны, беткейлік су ағыны қалыптасуы күтіледі», - деп хабарлады ведомстводан.