Жауын, шаңды дауыл, жел – сенбіге арналған ауа райы
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 27 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым аумағында құбылмалы ауа райы болады, жаңбыр күтіледі. Тек оңтүстік-шығыс, шығыс пен қиыр батыста ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, батысында тұман күтілуде.
Қостанай облысының басым бөлігінде, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, Солтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні 25 м/с күшейеді.
Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Түркістан, Қызылорда облыстарында таңертең және күндіз кей жерлерде жел күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейіп, шаңды дауыл болады.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с. Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с, Атырау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.