Жауын, шашын, күшті жел: Қыркүйектің 2-сі күнгі күн райы болжамы - Қазгидромет

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде күн құбылмалы болады. Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Тек елдің батысында, оңтүстігінде күн ашық, жауын-шашынсыз болады.
Республика бойынша найзағай ойнап, жел соғады, бұршақ жауады. Республиканың оңтүстік-батысында шаңды дауыл тұрып, солтүстік-батысында, солтүстігінде тұман түседі.
Жамбыл облысында, Қызылорда облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында, Атырау облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Орталықта, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Павлодар, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде, Ұлытау облысында жоғары өрт қауіпі сақталады.