Жауын, жел, тұман, көктайғақ - Жұма күнгі ауа райы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жұма күні елімізде жауын жауып, жел күшейеді, тұман түсіп. көктайғақ болуы ықтимал, деп хабарайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Жауын, жел, тұман, көктайғақ - Жұма күнгі ауа райы

19 наурызда Қара теңіз аймағынан келетін циклон республиканың барлық аймақтарына әсер етеді, онымен бірге жауын-шашын, кей жерлерде нөсер жаңбыр және қалың қар жауады, жел күшейіп, найзағай ойнайды, солтүстік-батыста жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Тек еліміздің оңтүстік-шығысында және солтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал.

Алматы, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді, жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с жетеді.

Жамбыл, Қарағанды, күндіз Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с дейін жетеді, күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады, желдің күші 15-20, түнде екпіні 23 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с жетіп, тұман түседі, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ болуы мүмкін.

Маңғыстау, Ақмола, күндіз Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.