Жауынгерлік жекпе-жектің дүниежүзілік ойындарына қазақстандықтар да қатысуда - Бейжің

БЕЙЖІҢ. Тамыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Бейжіңде, тамыздың 28-інде жауынгерлік жекпе-жек өнерінің тарихтағы тұңғыш Дүниежүзілік ойындары басталды.

Жауынгерлік жекпе-жектің    дүниежүзілік ойындарына  қазақстандықтар да  қатысуда - Бейжің

Халықаралық олимпиадалық комитеттің ұйытқы болуымен өтіп отырған жарыс бағдарламасында айкидо, жапон күресі ерекше тұр. Жекпе-жектің бұл түрлері бойынша медальдар сарапқа салынбайды, спортшылар көрермендерге жапон жекпе-жегінің барлық сұлулығын көрсетеді.

Ойындар тамыздың 28-і және 29-ында өткен сумо және у-шу жарыстарымен ашылды. Ал джиу-джитсу жекпе-жегі бойынша медальдар тамыздың 29-ы және 30-ында ойнатылса, тай боксы бойынша - тамыздың 29-ы, 31-і және қыркүйектің 2-сінде сарапқа салынады. Каратэшілер тамыздың 31-і және қыркүйектің 1-інде күш сынасса, тхеквандо мен күрестің жеңімпаздары қыркүйектің 1-2-сінде анықталады. Ойын бағдарламасын қыркүйектің 3-4-і күндері кикбоксинг жарыстары қорытындылайды.

Жекпе-жектің дүниежүзілік ойындарына қазақстандық спортшылар да қатысуда. Жарыстың үш күнінің қорытындысы бойынша Қытай, Ресей және Жапония командалары көш бастап келеді. Қазақстан 19-шы орында тұр. Біздің қоржында әзірге бір ғана күміс медаль бар.

Келесі дүниежүзілік ойындар 2013 жылы өтеді.