«Жаужүрек Мың Бала» 6 шілдеде «Хабар» телеарнасында көрсетіледі

АСТАНА. 26 маусым. ҚазАқпарат - Отандық режиссер Ақан Сатаевтың «Жаужүрек Мың Бала» тарихи драмасы 6 шілдеде сағат 22.30-да «Хабар» телеарнасында көрсетілетін болды.

«Жаужүрек Мың Бала» 6 шілдеде «Хабар» телеарнасында көрсетіледі

Бұл премьералық көрсетілім Астана қаласының туған күніне орай тосынсый болмақ.  

Естеріңізге сала кетейік, «Жаужүрек Мың Бала» тарихи драмасының алғашқы көрсетілімі 2 мамырда өтті, аталмыш фильм кассалық жиналымдар рекордын ортанып, республика бойынша алғашқы демалыс күндері шамамен 1 млн. доллар жинады. Қазақстандықтардың басым бөлігі бұл фильмді бірнеше рет көрді. Бұдан былай кино сүйер қауым Голливудтың блокбастерларынан еш кем түспейтін отандық тарихи туындыны көре алады. Киноиндустрия мен шоу-бизнестің сапаршылары кинотеарларда көзайым болған қазақстандықтардың өзі бұл киноны қайтадан көретіндеріне кәміл сенеді.