«Жаужүрек мың бала» фильмінің жұлдызы тұрмысқа шықты (ФОТО)
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Жаужүрек мың бала» фильмінің жұлдызы Әлия Телебарисова тұрмысқа шықты. Бұл жайында әртіс өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жазды.
Салтанатты некелесу рәсімі 14 маусымда өтті. Ә. Телебарисова күйеуінің аты-жөнін жария етпегенімен, әлеуметтік желілердегі фотосуреттер арқылы оның есімі Азамат екенін белгілі болды. Бұған дейін "Жұлдыздар отбасы" журналының 11 санында жарияланған қысқаша хабарламада Әлия Әнуарбектің болашақ жары шоу-бизнестен емес, мамандығы заңгер екені айтылған еді. Айта кетейік, қыз ұзату тойы Алматыда 8 маусымда өтті. Осы мерекелік шараға Қарлығаш Мұхамеджанова, Аружан Жазылбекова, Құралай Анарбекова және өзге де танымал қазақстандық актрисалар қатысты.