Жай түскен 4 турист мерт болды

АСТАНА. 29 шілде. ҚазАқпарат - Польшаның оңтүстігінде 4 туристің мүрдесі табылды, болжам байынша оларға жай түскен.
None
None

Бұл ақпаратты Польша БАҚ-тарына сілтеме жасап BBC News хабарлайды.

Қаза тапқандар - тауға жорыққа шыққан жастары елуден асқан ерлі-зайыптылар, олардың қыздары және оның болашақ күйеуі.  Мерт болғандардың мүрдесі Словакиямен шекаралас жерде орналасқан Пенин тау алабынан табылды.

Польяк билігі туристер қазасының себебін анықтау үшін тергеу амалдарын жүргізбек. Құтқарушылардың атап өтуінше, найзағайдың бір соққысынан 4 адамның бірдей қаза болуы өте сирек кездесетін жайт.

Соңғы жаңалықтар