Жай түскен жүкті әйел аман-есен босанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дәрігерлердің хабарлауынша, американдық Кимберли Гордон есімді нәрестенің жолы болған. Атап айтқанда, сәби өмірге келер алдында бірнеше сағат бұрын оның анасына жай түскен.

Жай түскен жүкті әйел аман-есен босанды

Дәрігерлердің қауіптенуіне қарамастан, бала өмірге дені сау болып келген, деп жазады шетелдік БАҚ.

Нью-Мексико штатының азаматшасы Кендра Вильянуэва өзінің күйеуі Янмен АҚШ-тың Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік шараны көруге барады. Сол күні жауған нөсер кезінде жүктіліктің сегізінші айындағы Кендраға жай түскен.

Дәрігерлердің айтуынша, осы оқиғадан кейін бір сағаттан соң әйелдің толғағы басталады. Сол күні кешке ол қыз баланы өмірге әкелді. Дәрігерлер найзағайдан кейін сәбидің дені сау болып туғаны таңқаларлық жағдай екенін атап өтуде.

Олардың айтуына қарағанда, тарихта жүкті әйелдерге найзағай түсуінің 11 оқиғасы тіркеліп, оның бесеуінде балалары аман қалған.

Алайда балаға найзағай әсер еткен көрінеді. Бүгінде нәресте бір жасқа толғанымен, ол отыра алмайды және еңбектеуге қауқарсыз. Сонымен қатар қыздың ас қорыту жүйесінде проблемалар пайда болған.