Жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман: бірқатар өңірде ескерту жарияланды

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК-сы еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.

метель
Фото: pixabay

Астанада 17 қаңтар күні кей уақытта жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-18 м/с.

17 қаңтарда күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.

17 қаңтарда түнде Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман түседі.

17 қаңтарда түнде Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында, күндіз батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

17 қаңтарда түнде Қостанай облысында бұрқасын, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде бұрқасын соғады. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

17 қаңтарда таңертең және күндіз Павлодар облысында жаяу бұрқасын соғады.

17 қаңтарда Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жылдамдығы 15-20 м/с.

17 қаңтарда Ақмола облысында бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

17 қаңтарда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында жылдамдығы 15-20 м/с.

17 қаңтарда түнде Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын соғады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ болады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с.

17 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғып, күндіз көктайғақ болады. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с.

17 қаңтарда Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түсіп, көктайғақ болады.

17 қаңтарда түнде Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын соғады. Күндіз бұрқасын. Облыстың шығысында, оңтүстігінде кей уақытта тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

17 қаңтарда күндіз Қарағанды облысының оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, күндіз бұрқасын соғады. Облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

17 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысында қар жауып, бұрқасын болады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Осыған дейін ауа райына байланысты екі облыста жол жабылғаны туралы хабарладық.

 

Соңғы жаңалықтар