Жаяу өтпе жолдағы 20 мың үйрек Қытайда жол кептелісіне себеп болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда жолды кесіп өткен «үйректер армиясы» көліктер кептелісіне себеп болды. Амалсыз жолдан өту кезегін күтіп тұрған мотоцикл жүргізушілердің бірі түсірген видео 15 қарашада YouTube-те World News And Funny арнасында жарияланды, деп хабарлайды Lenta.ru.
Үйректердің саны шамамен 20 мың болған (кімге санаудың қалай сәті түскені айтылмайды). Сондай-ақ, құстар жолдан ұйымдасқан түрде жаяу жолаушылар жүретін орыннан тізіліп өткен.