Жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан бой тасалаған жүргізуші ұсталды - Алматы облысы

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының полициясы жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан жасырынған жүргізушіні құрықтады. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
None
None

Ақпаратқа қарағанда, кісі өліміне себепші болған жүргізуші мен оның көлігін анықтау үшін полиция төрт күн бойы тынбай ізденген.  «Жамбыл ауданы Қарғалы ауылында жергілікті тұрғындар 12-сінен 13-і наурызға қараған түні 56 жастағы ер адамның денесі табылғаны туралы хабарлады. Сот-медициналық сараптамалар кісі өлімінің көлік соққысынан алған жарақат салдарынан  болғанын анықтаған. Осыған байланысты жол көлік оқиғасы бойынша полиция қызметкерлері қылмыстық іс қозғады», - делінген баспасөз баянында.

Оқиға орнын мұқият қарап шыққан полиция көліктің бампері мен айна сынықтарын тауып, оны қылмыстық іске заттай айғақ ретінде тіркеген болатын. Сонымен қатар, полиция жаяу жүргіншіні «Ниссан Тиана» көлігінің қаққанын анықтады. Бұдан соң, жедел шаралар барысында іздеу жарияланған көлік табылып, оның жүргізушісіне жол-көлік оқиғасына қатыстылығы дәлелденді.

«Күдікті ретінде ұсталған азамат 1992 жылы туған, Үмбетәлі ауылының тұрғыны болып шықты.  Көлік арнайы тұраққа қойылып, оқиға бойынша тиісті сараптамалар жасалды», - делінген баспасөз хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар