Жаяу жүргіншіні мерт қылып, қашып кеткен көлік жүргізушісі ұсталды

«Қайғылы оқиға болған жерден автокөліктің сынған бөлшектерін табу арқылы оның түсі мен маркасын айқындаған едік. Келесі күні іздеудегі көлік Алматы облысы, Іле ауданы Первомайка ауылының Жамбыл көшесіндегі жеке үйдің көлік тұрағында жасырулы тұрған жерінен табылды. Қылмыс ізін жасыру үшін досының көлік қою тұрағын пайдаланған қылмыскер бірден ұсталды», дейді Алматы қаласы ІІБ, Жол полициясы басқармасының бастығы, полиция полковнигі Арман Сарбасов.
«Ниссан» автокөлігінің алдыңғы бөлігі болған жол аптынан қираған. Белгілі болғандай, көлікті 21 жасар Алексей есімді жігіт басқарған. Ол тергеу барысында өз кінәсін бірден мойындап, жауапкершіліктен қорқып жарақат алған жаяу жүргіншіні жолда қалдырып кеткенін айтады.
«Біздің пайымдағанымыздай, бұл апатты тәжірибесі аз жас жүргізуші жасағаны белгілі болды. Қазіргі уақытта ол азамат қамауға алынды. Оған Қылмыстық кодекстiң 296 б. және 297 бабында белгiленген қылмыстық айып тағылады», деп атап өтті А.Сарбасов.