Жаяуды қағып өлтірген атбасарлық жүргізуші қамауға алынды - прокуратура

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Атбасарда жаяу жүргіншілерді көлігімен қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушінің бұған дейін де дәл осындай қылмысы үшін істі болғаны анықталды. Сол себепті қолхатпен ешқайда кетпеу бұлтартпау шарасына ауыстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

Жаяуды қағып өлтірген атбасарлық жүргізуші қамауға алынды - прокуратура

Ақмола облысының прокуратурасы Атбасар қаласында В.Митрофанованың өліміне әкеліп соқтырған жол-көлік оқиғасына байланысты қозғалған істі зерттеді. Онда анықталғандай, күдіктінің қылмысы кішігірім ауыр қылмыстың қатарына жататындықтан әрі кәмелеттік жасқа толмаған 5 баланы асырап отырғандығы ескеріліп босатылған.

«Тергеу амалдары барысында күдіктінің зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетудің орнына оқиға болған жерден қашып кеткені анықталды. Күдіктінің үстінен ҚР ҚК-нің 347-бабы бойынша қосымша соталды іс қозғалды. Сонымен қатар күдіктінің осыған дейін адамның денсаулығына ауыр залал келтіргені және жол жүру ережесін бірнеше рет бұзғаны белгілі болды», - деп түсіндірді прокуратураның баспасөз қызметіндегілер.

Іс материалында көрсетілген осының барлығын ескере келе, күдіктіге 12 сәуірде бұлтарпау шарасы қолданылды. Қылмыстық іс прокуратураның бақылауына алынды.