«Жайық» футбол клубы өз тарихындағы алғашқы ойында ірі есеппен жеңіске жетті
ОРАЛ. KAZINFORM — Футболдан екінші лигада өнер көрсететін Оралдың «Жайығы» өз алаңында алматылық «Жейран» клубын қабылдады.

Бұл биыл «Ақжайық» футбол клубының орнына құрылған аталмыш команданың өз тарихындағы алғашқы ойыны еді.
Бірінші таймда 24-минутта қонақтардан Алдияр Аханов есеп ашты.
Арада 2 минут өткенде, Ислам Амангелдиев таразы басын теңестірді. 33-минутта Ислам есепті 2:1-ге жеткізді. 36-минутта Магоммед Оджиев мергендік танытты. 46-минутта Темірлан Үмбетов матчтың нүктесін қойды – 4:1.
Вячеслав Невольников жаттықтыратын оралдық клуб биыл бірінші лигаға жолдама алуды мақсат етіп отыр.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда жаңа футбол клубы құрылғанын жазған болатынбыз.
«Жайық» футбол клубы Қазақстанның екінші лигасында ойнайтын болды.