Жайық өзеніндегі су деңгейі Орал қаласы тұсында төмендеді
ОРАЛ. KAZINFORM – Жайық өзеніндегі су деңгейі Орал қаласы тұсында бір тәулікте 1 сантиметрге төмендеді.

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалынан түскен мәліметке қарағанда, 24 сәуір күні сағат 08.00-де су деңгейі Оралдағы гидробекетте 863 сантиметрді (қауіпті шегі – 850 см) көрсетті, бұл кешегіден 1 сантиметрге кем.

Сол секілді Бәйтерек ауданы Январцев ауылында 7 сантиметрге түсті (887 см, қауіпті шегі – 1 250 см).
Есесіне Көшімде 2 (858 см), Ақжайық ауданы Тайпақ ауылында 9 сантиметрге (538 см) жоғарылағаны байқалады.
Көшім каналындағы су деңгейі кешегіден (825 см, қауіпті шектен 25 сантиметрге асып тұр) өзгерген жоқ.

Облыстың басқа өзендерінде су деңгейінің түскені байқалады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда тұруға жарамсыз деп танылған 400-ге жуық үй қайта салынатынын жазған болатынбыз.
БҚО-да құтқарушылар су ортасынан жылқыларды алып шықты.
Оралда екі ер адам бірнеше күн бойы су басқан саяжайда қалып қойған.