Жайық өзеніне мол су келсе, балық қорының көбеюіне ықпал етеді

Жайык
Фото: Kazinform

АТЫРАУ. KAZINFORM – Жайық өзеніне мол су келсе, балық қорының көбеюіне ықпал етеді. 

«Балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС Атырау филиалының директоры Ерболат Қадимовтың айтуынша, соңғы үш жылда Жайық өзеніндегі су деңгейіне ұдайы зерттеу жүргізілген.

«Зерттеу нәтижесінде 2019-2022 жылдары Жайық өзенінің Атырау қаласы аумағындағы бөлігінде су деңгейінің өте төмен болғаны анықталды. Бұл жайт балық қорының көбеюіне кері әсерін тигізді. Балық шаруашылығы саласын дамытуға су айдындарындағы ахуалдың септігі бар. Сол себептен, биыл Жайық өзеніне мол су келсе, балық популяциясына, уылдырық шашу үрдісіне оң әсер етеді деп есептейміз», - дейді Ерболат Қадимов. 

Оның пікірінше, су айдынында ағыс ұлғайған сайын балық қоры молая түседі. Сондай-ақ, рұсат етілген мерзімде ауланатын балық та көбейеді.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауға тасқын судың көп бөлігі мамыр айының басында келуі мүмкін екенін хабарлаған болатынбыз

Соңғы жаңалықтар