Жайық өзенінің деңгейі Индерде — 707, Махамбет ауданында 770 сантиметрге жетті

Жайық өзеніндегі су деңгейі Орал қаласы тұсында төмендеді
Фото: Ғайсағали Сейтақ/Kazinform

АТЫРАУ. KAZINFORM — Атырау облысында Жайық өзеніндегі су деңгейі көтеріліп жатыр. Бүгін кешкі сағат 20:00–де өзен суы Индер ауданында 707, ал, Махамбет ауданында 770 сантиметрге жетті.

Атырау облысының жедел штабынан мәлім еткендей, бүгін, 30 сәуірде Жайық өзенінің суы едеуір көтерілген.

Мәселен Индер ауданында таңертеңгі 08:00–де су деңгейі 693 сантиметрді құраған.

Ал, кешкі сағат 20:00–ге дейін 14 сантиметрге көтеріліп, 707 сантиметр болды. 

Махамбет ауданында да осындай ахуал қалыптасып отыр.

Мұнда таңертеңгі сағат 08:00–де Жайықтың деңгейі 764 сантиметр еді. Кешкі сағат 08:00–де 770 сантиметрге жетті. 

Жайық өзені Атырау қаласының тұсында да көтерілді. Бүгін таңертеңгі сағат 08:00–де су деңгейі 446 см болатын.

Енді 12 сағаттың ішінде 3 см-ге көтеріліп, 449 см болды. 

«Индер, Махамбет аудандарында Жайық өзенінің қауіпті деңгейі — 850 см. Ал, Атырау қаласында 550 см қауіпті деңгей саналады», -деп хабарлады облыстық жедел штабтан.

Еске сала кетелік, бұған дейін Жайық өзенінің суы Махамбет ауданында 7,5 метрге жеткенін жазған едік. 
 

Соңғы жаңалықтар