Жайық өзенінің деңгейі Тайпақ ауылындағы гидробекетте 630 сантиметрден асты

БҚО-да Жайық өзеніндегі су деңгейі Тайпақтан басқа гидробекетте төмендеді
Фото: Ғайсағали Сейтақ/Kazinform

ОРАЛ. KAZINFORM – Жайық өзеніндегі су деңгейі Батыс Қазақстан облысында Ақжайық ауданы Тайпақ ауылы тұсында 633 сантиметрге (қауіпті шегі – 850 см) жетті.

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының 29 сәуір күнгі таңғы сағат 08.00-дегі мәліметі бойынша су деңгейі Тайпақта бір тәулікте 27 сантиметрге жоғарылады.

Жайық облыстың басқа жерлерінде саябырсып, қалыпқа түсіп келеді. Атап айтқанда, Бәйтерек ауданы Январцев ауылындағы гидробекетте 844 (-10, қауіпті шегі – 1 250 см), Орал қаласында 838 (-8, 850 см), Көшімде 846 (-3, 850 см) сантиметрді көрсетті.

Батыс Қазақстанның өзге өзендерінде де су деңгейі төмендеуде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жайық өзенінің деңгейі Тайпақ ауылында 25 сантиметрге көтерілгенін жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар