«Жайық» волейбол клубының Азия чемпиондар лигасындағы қарсыласы анықталды

ОРАЛ. KAZINFORM – Индонезияның Понтианак қаласында 13-17 мамыр аралығында волейболдан Азия чемпиондар лигасының ойындары өтеді. 

«Жайық» волейбол клубының Азия чемпиондар лигасындағы қарсыласы анықталды
Фото: volleyzhaik

«Жайық» волейбол клубынан мәлім еткеніндей, аталмыш додада сары құрлықтың ең үздік 8 командасы сынға түседі.

Қазақстандық маман Виктор Козик жаттықтыратын оралдықтар бастапқы кезеңде индонезиялық «Jakarta Bhayangkara Presisi» командасымен шеберлік байқасады. 

Жеңген клуб катарлық «Al Rayyan» мен кореялық «Hyundai Capital SkyWalkers» командаларының үздік шыққанымен финал жолдамасын сарапқа салады.

Екінші топта жапондық «Rep. of SV. League», таиландтық «Nakhonratchasima Qmin C VC», ирандық «Foolad Sirjan Iranian» және тағы бір индонезиялық «Jakarta Garuda Jaya» командалары ойнайды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын волейболдан көш басындағы «Жетісу» клубының «Атыраудан» басым түскенін жазған болатынбыз.

«Жайық» клубы «Жетісудың» жеңісті сериясын тоқтатты.