Жайықтың деңгейі 9,5 метрге дейін көтерілуі мүмкін – ТЖМ

Жайық
Фото: Атырау облысы жедел штабы

АСТАНА. KAZINFORM – Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Нұржан Төлеуіш  өңірдегі ахуал күрделі екенін айтты.

«Қазіргі таңда жағдай күрделі. Өйткені Жайықтың су деңгейі әлі көтеріліп жатыр. «Қазгидрометтің» баяндауынша, қазіргі деңгейі 8 метр 62 сантиметрге жеткен. Жалпы қауіпті деңгей – 8 метр 50 сантиметр. Яғни, қауіпті деңгейден 12 сантиметр асып отыр», - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Оның сөзінше, 25-26 сәуір күндері жағдай ушыға түсуі мүмкін.

«Біздің облыс бойынша қауіптің беті әлі де қайтқан жоқ. Су деңгейі әлі де көтеріледі деген болжам бар. Орал қаласының тұсында Жайық деңгейі 25-26 сәуірде 9,5 метрге баруы мүмкін», - деді Нұржан Төлеуіш.

Соңғы жаңалықтар