Жайықтың суы Атырауда және 2 ауданда шекті деңгейден жоғары тұр

АСТАНА. KAZINFORM - Атырау облысында Жайық өзеніндегі су деңгейі 20:00-дегі мәлімет бойынша, Атырау қаласы, Индербор мен Махамбет аудандарында шекті деңгейден жоғары тұр, деп хабарлайды Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы. 

Жайық
Фото: Ғайсағали Сейтақ / Kazinform

3 маусымдағы 08:00-дегі мәліметпен салыстырғанда:

- Индербор - 3 см, су деңгейі - 926 см, шекті деңгейі - 845 см;

⁃ Махамбет - 1 см, су деңгейі - 1005 см, шекті деңгейі - 850 см; 

⁃ Атырау қ. - 0 см, су деңгейі - 597 см, шекті деңгейі - 550 см;

⁃ Жаңаталап ауылы - 0 см, су деңгейі - 430 см, шекті деңгейі - 500 см;

- Еркінқала - 0 см су деңгейі - 387 см, шекті деңгейі - 450 см.