«Жайлы мектеп» аясында салынатын мектептің нешеуі қазақ тілінде білім береді – Министрлік жауабы
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Жайлы мектеп» аясында салынатын мектептердің білім беру тілі әлі айқындалмаған. Оқу Ағарту вице-министрі Еділ Оспан Мәжілісте өтіп жатқан «Amanat» партиясының фракциясының кеңейтілген мәжілісінде осындай мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ұлттық жоба аясында салынатын «жайлы мектептің» нешеуі қазақ тілінде білім береді? Бұл жобаның ішінде аралас, орыс тілінде білім беретін мектептер бар болса, жергілікті халықтың өтініші бойынша білім беру тілі өзгеруі мүмкін бе?» - деп сұрады Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов.
Министрлік өкілінің айтуынша, бұл мәселе бойынша әлі түбегейлі шешім қабылданған.
«Мектептердің тілі әлі айқындалмаған. Құрылыс енді басталды. Жергілікті халықтың, тұрғындардың пікірін ескере отырып шешім қабылданатын болады», - деді вице-министр.
Айта кетейік, Мәжілісте «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру мәселелері талқыланып жатыр.