Жайнақов Кабулдағы жарылыстан бүлінген Қазақстан Елшілігі ғимаратының суреттерін жариялады
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов Кабулдағы жарылыстан бүлінген Қазақстан Елшілігі ғимаратының суреттерін өзінің Фейсбуктегі парақшасында жүктеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Әріптестеріміздің ешқайсы зардап шеккен жоқ. Дипломаттар бұрынғы режімде жұмыс істеуде және осынау жантүршігерлік терактіде зардап шеккендердің арасында басқа да Қазақстан азаматтарының бар-жоғын тексеруде», - деп жазды ол.
Еске сала кетсек , Кабулдағы жарылыстан Қазақстанның екі азаматы зардап шекті