Жайсыз ауа райы салдарынан бес облыстағы жолдар жабылды
Бүгін Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты (қар, бұрқасын, көрінбеу) төмендегі жолдарда барлық автокөлік түрлерінің қозғалысы шектелді:
1. «Астана-Ерейментау-Шідерті» 16-205 шақырымы, Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейінгі аралық;
2. «Екатеринбор-Алматы» 1 280 - 1 353 шақырымы, Астана қаласынан Қарағанды облысының шекарасына дейінгі аралық;
3. «Көкшетау-Омбы» 2-50 шақырымы, Көкшетау қаласынан СҚО шекарасына дейінгі аралық;
4. «Астана-Петропавл» 304-341 шақырымы, Көкшетау қаласынан СҚО шекарасына дейінгі аралық;
5. «Астана-Петропавл», 18-230 шақырымы, Астана қаласынан Щучинск қаласына дейін.
Қарағанды облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты (қар, бұрқасын, көрінбеу) «Екатеринбор-Алматы» автожолының 1353-1424 шақырымында Ақмола облысының шекарасынан Теміртау қаласына дейінгі аралықта барлық автокөлік түрлерінің қозғалысы шектелді.
Сондай-ақ, «Екатеринбор-Алматы» автожолының 1492-1854 шақырымы, Қарағанды қаласынан Балқаш қаласына дейінгі аралықта көктайғаққа байланысты жүк және қоғамдық автокөлік қозғалысы шектелген.
Павлодар облысында Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты «Астана-Ерейментау-Шідерті» автожолының 205-259 шақырымы аралығы Ақмола облысының шекарасынан Шідерті кентіне дейінгі аралықта барлық көлік қозғалысына тыйым салынды.
Алматы облысында бұрқасын және жолдың көрінбеуіне байланысты «Үшарал-Достық» жолының 83-184 шақырымы Көктума ауылынан Достық ауылына дейінгі аралығында барлық автокөлік түрлерінің қозғалысы шектелді.
СҚО-да ауа райының бұзылуына байланысты (қар, бұрқасын, көрінбеу) төмендегі жолдарда барлық автокөлік түрлерінің қозғалысы шектелді:
1. «Көкшетау-Омбы» жолының 50-280 шақырымы, Ақмола облысының шекарасынан РФ шекарасына дейін;
2. «Астана-Петропавл», 341-473 шақырымы, Ақмола облысының шекарасынан Петропавл қаласына дейінгі аралықта.