Жайсыз ауа райы Ту-142 ұшағын іздестіруді қиындатуда

АСТАНА.  Қарашаның  9-ы.  ҚазАқпарат  - Жайсыз  ауа райы Ту-142М3   ұшағы  құлаған  аудандағы   іздеу-құтқару   операциясын   қиындатып   отыр, 

Жайсыз  ауа райы Ту-142 ұшағын  іздестіруді   қиындатуда

деп хабарлайды «Вести» телеарнасы.

Атап  айтқанда,   Татар     бұғазы  бойынша  өткен  циклон     желдің  жылдамдығын   11 метр/секундқа жеткізіп,   теңізде  үлкен толқындар туғызып  отыр.  Осыған  байланысты   сүңгуірлер  жұмыстары  қиындауда.

Экипаж  бен  ұшақ сынықтарын  іздестіруге   авиация күштері  мен   Тынық мұхиты   флотының  кемелері, сондай-ақ  азаматтық  кемелер     жұмылдырылды.    Бүгін  кешке  қарай апат  аумағына     бортында тереңге сүңги алатын  арнайы   «Тайгер»  және  «Обзор»    құтқару   аппараты  бар Тынық мұхиты   флотының  «Алагез»   кемесі  жетеді.

Естеріңізге сала  кетейік,  Ресейдің  Тынық мұхиты  флотына    қарасты   Ту-142М3     ұшағы    қарашаның 6-сы күні жаттығу   кезінде        радардан жоғалып  кеткен болатын.   Ұшақ бортында 11   адам болған.

Ұшақтың апатқа ұшырау факті  бойынша РФ Қылмыстық кодексінің  351-ші  бабына сәйкес  (ұшу ережелерін немесе  оған дайындық  ережелерін бұзу)   қылмыстық  іс қозғалды.    Осы оқиғаға байланысты  Тынық мұхиты  флоты  авиациясының ұшу сапарлары уақытша тоқтатылды.