08:15, 03 Наурыз 2009 | GMT +5
Жайсыз жаңалықтардың себебінен мұнай арзандап кетті
ЛОНДОН/НЬЮ-ЙОРК. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат - Американдық және әлемдік экономиканың жағдайы туралы жайсыз хабарларға байланысты дүйсенбі күні әлемдік рыноктарда мұнай бағасы төмендеп кетті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат «РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап. Сауда жабылар сәтте Нью-Йорк қор биржасында Dow Jones индексі 4,24 пайызға төмендеп, психологиялық маңызды межеден асып, ол 6763,29 пунктіне жетті. Соның салдарынан кешегі сауданың қорытындысы бойынша Лондон биржасында Brent Crude Oil маркалы мұнайдың сәуір айындағы фьючерстерінің бағасы 4,14 долларға төмендеп, 42,21 долларды құраса, Нью-Йорк биржасында Light Sweet Crude Oil маркалы мұнайдың бағасы 4,61 долларға төмендеп, 40,15 доллар/баррельге жетті.