Жайық өзені өлген балықтардан тазартылып жатыр

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында Жайық өзені мен жақын жатқан арналарда балықтың қырылуының жаңа ошағы тіркелмеген, уәкілетті органдар өзенді өлген балықтан тазартуды жалғастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. 
None
None

Бұл туралы Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Арман Молдашев хабарлады.

«Әлеуметтік желіде тараған бекіре тұқымдас балықтардың қырылуы туралы бейне бір апта бұрын Жайық өзеніндегі балық шаруашылықтарының бірінде түсірілген. Бұл жалпыға белгілі факт. Бүгінгі күні балықтың қырылуының жаңа фактілері тіркелген жоқ. Ахуал тұрақты. Қазіргі уақытта мамандардың бағалауы бойынша су балық үшін қауіпсіз. Жоғарыда аталған жағдай бойынша қылмыстық іс тіркеліп, қазіргі уақытта Жайыққа су ағызатын құрылыстары бар барлық кәсіпорындарға жоспардан тыс тексеру жүргізілуде. Біз өзенді өлген балықтан тазартуды жалғастырудамыз», - деді Арман Молдашев.

Қазіргі уақытта ведомствоаралық комиссия Жайықта балықтың жаппай қырылу себептерін анықтауда. Балықтың қырылу фактісі бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. Мамандар жақын арада Жайық өзеніне су ағызатын құрылыстары бар барлық кәсіпорындарды тексереді. Бұған дейін Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандары хабарлағандай Жайық өзенінің суы тұрғындар үшін қауіпсіз.

Соңғы жаңалықтар