Жайық өзені тасиды - 26 сәуірге арналған ауа райы болжамы

АСТАНА. 25 сәуір. ҚазАқпарат - 26 сәуірде Қазақстанның батысы мен оңтүстік-шығысында антициклонның ықпалы сақталады. Осыған байланысты күн райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде.

Жайық өзені тасиды - 26 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Республиканың қалған аумағындаатмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты аздаған жаңбыр мен бұршақ жауып, жел күшейеді деп күтілуде.

Жамбыл, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, күндіз Қостанай облыстарының жекелеген жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, күндіз таулы аудандарда бұршақ жаууы ықтимал.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, күндіз және түнде тұман болады деп күтілуде. Атырау облысының жекелеген жерлерінде құмды дауыл тұрып, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Алдағы уақытта республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және батыс аумақтарындағы өзендерде су деңгейінің ауытқуы бақалады. Жайық өзенінде су тасиды.