16:22, 28 Маусым 2018 | GMT +5
Жайық өзеніне 23 жастағы жігіт батып кетті
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда 23 жастағы жігіт суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қайғылы оқиға Жайық өзенінде болды. Жас жігіт шомылуға арналмаған орында жүрген. ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті Батыс өңірлік аэромобильді жедел құтқару жасағының қызметкерлері жігіттің денесін Әлиев көшесіндегі көпір маңынан тапты», - деп мәлімдеді Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.
Жыл басынан бері өңірде 9 адам суға кетіп мерт болды, олардың жетеуі - балалар.