Жайық өзеніне батқан ер адам құтқарылды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда Жайыққа батқан ер адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жайық өзеніне батқан ер адам құтқарылды

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 10 шілдеде сағат 18:05 шамасында 56 жастағы ер адам Жайық өзеніне шомылуға барған.

«Департаменттің жедел құтқару жасағының құтқарушылары Арман Сарсенбаев, Қуандық Қартаңбаев Қуандық және Ернар Әнуарбеков кезекті рейд кезінде Жайық өзеніне суға батып бара жатқан адамды құтқарып қалды. Кейін анықталғандай, 56 жастағы азамат мас күйінде өзенін кешіп өтпек болған. Алайда, өзеннің ортасына дейін жүзіп, жағалауына жете алмай, суға бата бастаған. Сол кезде айғайлап, көмек шақырған» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында бір күнде екі адам суға кеткенін жазған болатынбыз.