Жайықтан 540 келі балықты заңсыз аулағандар ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Бекіре - 2015» балық қорғау акциясы аясында Атырау облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы қызметкерлерінің рейдтік іс-шаралары барысында Жайық өзенінде «Ямаха-200» маркалы қайығымен заңсыз балық аулаған Атырау қаласының үш тұрғыны ұсталды, деп хабарлады АШМ баспасөз қызметінен.
Тексеріс барысында 540 кг балық пен 2 дана ау анықталып, алынды. Осы факті бойынша барлық жиналған материалдар құқық қорғау органдарына жолданды.