«Жайықжылуқуат» АҚ-ның 12,5 млн. астам теңге берешегі сотта қаралуда

ОРАЛ. ҚазАқпарат - БҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында ЖШС-лардың бірінің талап-арызы бойынша «Жайықжылуқуат» АҚ-дан келісім-шартқа сәйкес уақтылы төленбеген 12 584 843 теңге берешегін өндіру туралы азаматтық іс қаралуда, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

 «Жайықжылуқуат» АҚ-ның 12,5 млн. астам теңге берешегі сотта қаралуда

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оған қоса талап-арыз иесінен «Жайықжылуқуат» АҚ мүлкі мен есепшотын тұтқындау жөнінде шағым түскен. Сот аталған шағымды ішінара қанағаттандырды. Яғни аталған қаржы көлемінде жауапкер мүлкіне тыйым салынды. Ал есепшотын тұтқындау жөніндегі бөлігі қанағаттандырылған жоқ. Мұның себебі - «Жайықжылуқуат» АҚ өңірді жылумен қамтып отырған мекеме. Сондықтан есепшоттың жабылуы өнім жеткізушілермен есеп айырысуға, жылыту маусымы кезінде қосалқы бөлшектер, жабдықтар мен қызметтер алуға мемлекеттік сатып алу рәсімін өткізуге мүмкіндік бермейді.