Жайылым жерлерін алып қою нормативі өзгереді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Мәжіліс депутаты Нұржан Әшімбетов палатаның жайылым жерлерді бөлуге қатысты өзерістер енгізетін жұмыс тобына басшылық жасайтын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Заң жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жайылымдарды пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» деп аталады және бірнеше заңды – Жайылымдар туралы заңды, Орман, Жер кодекстерін қамтиды. Негізгі проблеманың бірі – бұл жайылымдарды алып қою. Қазіргі уақытта қолданыстағы норма егер мал басы нормативтің 20 пайызын құраса, онда иесінен жайылымды алып қоюға мүмкіндік бермейді. Біз мұны 50 пайызға дейін жеткізгіміз келеді», - деді Нұржан Әшімбетов агенттік тілшісіне берген сұхбатында.

Осы ретте депутат нақты мысал да келтіріп өтті.

«Мәселен, Ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен нормативке сәйкес, 800 гектар жайылым жері болған кезде онда 100 бас мал болуы тиіс. Және де егер меншік иесінде тым болмағанда 20 бас мал болса, онда жайылымды алып қоюға болмайды. Біз мұны әділетсіз деп санаймыз әрі аталған көрсеткішиі 50 пайызға дейін жеткізу қажет. Егер норма қабылданса, онда ондаған млн гектар жайылым жер қайта бөлуге түсер еді», - деді Мәжіліс депутаты.

Оның атап өтуінше, Жер кодексінде 26-бап бар. Оған сәйкес, жер 5 жылдық мерзімге конкурссыз беріледі.

Мұны жергілікті атқарушы органдар пайдаланып отыр.

«Бұл учаскелер «қажетті» адамдарға конкурссыз 5 жылға беріледі. Ал қарапайым адамдар мұндай жайтты білмейді, кейде жер конкурсқа шығарылмайды да. Біз бұл бапты алып тасағаымыз немесе жастарға ғана пайдаланып, аумағын 500 гектарға дейін шектегіміз келеді. Бұған қоса, ауыл шаруашылығы қажеттілігі үшін «жер қоры» түсінігін енгізгіміз келеді. Бүгінде елді мекендер төңірегіндегі жайылым жердің жетіспеушілігі үлкен проблемаға айналған. Бұл жерлерде қайтару да қиын. Елді мекеннің дәл жанында болуы міндетті емес. Ол сәл алысырақ болуы да мүмкін. Түпкі мәні мынада - жердің сол бөлігі конкурсқа шығарылмайды, ол ауылдық әкімдікке бекітіледі. Және де жергілікті қоғамдстық жиналыс барысында осы жерді пайдалану мәселесін шешеді», - деді Нұржан Әшімбетов.

Жалпы, заңнамаға 41 түзету енгізу жоспарланып отыр.

«Жұмыс тобы жасалды. Бірақ бұл заң жобасын алдағы 2 айдың ішінде Мәжілістің жалпы талқылауына шығарғымыз келеді. Жұмыс тобында жергілікті атқарушы органдар мен инспекцияның өкілдері, фермерлер, сарапшылар, белсенділер бар», - деді депутат.


Соңғы жаңалықтар
telegram