Жайылымдар мәселесін реттейтін заң жобасы Сенатқа жіберілді

АСТАНА. ҚазАқпарат -Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы екінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпаратпа.
None
None

«Заң жобасы бойынша 11 жұмыс тобының отырысы өткізілді. Сондай-ақ жайылымдар мәслесіне қатысты өңірлерде жиі көтеріліп жүрген өзекті проблемаларды талқылау мақсатында еліміздің Оңтүстік, Солтүстік және Шығыс аймақтарында жұмыс тобы мүшелерінің және үкіметтік емес ұйымдардың, ғалымдардың қатысуымен комитеттің көшпелі отырыстары өткізілді. Заң жобасын талқылау барысында депуттардан, ҮЕҰ-лар, саяси партиялар және аймақтардағы қоғамдық кеңестер тарапынан 100-ден ұсыныстар мен өзгертулер келіп түсті»,-деді заң жобасы бойынша баяндама жасаған депутат Жексенбай Дүйсебаев.

Олардың негізгі сипаты заң жобасының жекелеген нормаларын нақтылауға, мазмұнын жақсартуға бағытталған, оның ішінде жайылым туралы ұғымның мазмұны кеңейтілді, жайылымның инфрақұрылым нысандары туралы ұғымға электр және жылу энергиясын қамтамасыз етуге арналған ғимараттар, баламалы энергия көздері, сумен жабдықтау нысандары енгізілді. Ауыспалы жайылым туралы ұғым нақтыланды.

«Заң жобасы жайылымдарды түбегейлі жақсарту туралы жаңа ұғыммен толықтырылды. Аудандық жергілікті атқарушы органның, ауылдық округ әкімдерінің өзін-өзі басқару жүйесінің құзыреттері толықтырылып, пысықталды. Сонымен қатар ол облыстық жергілікті атқарушы органның құзыреті, жайылымдар туралы заңнаманың қағидалары мен ұқыпты пайдалану нормалары жөнінде жаңа баптармен толықтырылды»,-деді депутат.

Соңғы жаңалықтар