Жаз басталғалы СҚО полицейлері із-түзсіз жоғалған 76 адамды тапты

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Жаздың екі айында СҚО полицейлері 76 із-түзсіз жоғалғанды іздестірді, деп хабарлайды ҚазАөпарат.

Жаз басталғалы СҚО полицейлері із-түзсіз жоғалған 76 адамды тапты

Жаз басталғалы солүстікқазақстандық полицейлер із-түзсіз жоғалған 76 адамның жүрген жерін анықтады. Орын алған фактілер көрсеткендей, олардың саны күн жыли салысымен артады. «Күйбең тірліктен» демалуға деген ұмтылыс үйден кетуге алып келіп жатады. Біреу спирттік ішімдікті асыра ішсе, енді біреуі жақындарына жоспаын айтпай, жолға шығып кетеді.

Шілденің 15-і күні кешкі уақытта Lada автокөлігімен белгісіз бағытта кетіп қалған 30 жастағы қала тұрғыны туысқандарын біраз алаңдатты. Полицейлер іздестіру іс-шараларын ұйымдастырып, еріктілерді тартты. «Ағын» бейнебақылау жүйесі арқылы көліктің жүріп өткен жолы белгілі болды. Із-түзсіз жоғалған әйелдің Айыртау ауданындағы демалыс орнында болғаны анықталды.

«Айта кететіні, демалыс аймақтарында із-түзсіз жоғалып кетудің алдын алу бойынша шаралар қабылдануда. Полицейлер тұрақты түрде рейдке шығады, демалушыларға түсіндіру жұмысын жүргізеді, табиғатта қауіпсіз жүріп-тұру ережелері туралы түсіндіреді. Жолға шығар алдында бұл туралы жақын адамдарыңызды міндетті түрде хабардар етіп, телефонның ақауы жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Өңір тұрғындарынан демалысқа шыққанда барынша жауапкершілік танытуларын сұраймыз», – дейді СҚО Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.

Жыл басынан облыстық полиция бөліністеріне адамдардың із-түзсіз жоғалуына қатысты 275 өтініш түскен, бүгінде олардың 270-і табылды.