Жаз мезгілінде қосымша пойыздар жолға шығады - «Жолаушылар тасымалы» АҚ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тұрғындардың сұраныстарына байланысты қосымша жолаушылар пойыздары жіберіледі, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінен.
Атап айтқанда, «Қарағанды-Жезқазған» бағытындағы №634/633 жолаушылар пойызы үстіміздегі жылдың 2 шілдесі мен 30 тамызы аралығында аптасына екі рет қатынайды; «Алматы-2-Арыс-1» бағытындағы №61/62 жолаушылар пойызы 17 шілдеден 28 тамыз аралығында аптасына бір рет қатынайды. Ал «Алматы-1-Аягөз» бағытындағы №453/454 жолаушылар пойызы 19 шілдеден бастап бекітілген кесте бойынша жүре бастайды. Сонымен қатар 23 «Тұлпар-Тальго» вагонынан жасақталған №502/501 «Астана-Алматы-2» бағытында бір реттік жүрдек пойыз тағайындалды, ол Астанадан 28 маусымда 21 сағат 28 минутта аттанып, Алматы-2 стансасына 29 маусымда күндізгі 12 сағат 07 минутта келеді.