Жаз мезгілінде туристер үшін ең қымбатқа түсетін елдер анықталды
Бұл туралы The Independent хабарлады. Сарапшылар туристерге белгілі бір елдерде өткізген бір күні қаншаға түсетінін есептеді. 2015 жылғы жазғы уақытта демалу үшін ең қымбат ел карибтік Барбадос болып шықты. Туристер бұл жерде тәулігіне 168 доллар жұмсайды екен. Екінші орында - БАӘ (156 доллар). Үшінші орынды Чехия мен Австрия бөлісті. Бұл елдерде бір күнде турист 142 долларға шығындалады. Олардан кейін Швейцария (140 доллар) және Бельгия (136 доллар). АҚШ пен Люксембург туристері күніне 134 доллар жұмсайды, рейтингте тоғызыншы орын Нидерландыда (125 доллар), 2015 жылғы жазда ең қымбат бағыттар тізімінің соңына Гонконг (120 доллар) жайғасты. Бұл рейтингті түзу барысында мамандар қонақүйге орналасу құны мен басқа да күнделікті шығындарды есепке алды.