Жазда Ертіс өзеніне секірген жігіттің денесі әлі іздестірілуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Құтқарушылар жаз мезгілінде Ертіске секірген 17 жастағы жігіттің мәйітін әлі іздестіруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат yk.kz сайтына сілтеме жасап.

Жазда Ертіс өзеніне секірген жігіттің денесі әлі іздестірілуде

Шілде айының басында бірінші курс студенді ғашықтар Аллеясында серуендеп жүріп, досынан өзінің Ертіске секіргенін видеоға түсіруін сұраған. Ол өзенге секіріп, бірнеше метр жүзіп барып, жағалауға шығуды жоспарлаған.  Алайда, қатты ағыс салдарынан ойы жүзеге аспады.

Жігіттің мәйіті әлі табылмады, алайда ТЖД іздеу шаралары тоқтамағанын айтты. Қазір сүңгуірлер Ертістің Өскемен аумағынан тыс жағалауын тексеруде.