Жаздың үшінші айы жел және өткінші жаңбырмен басталады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазгидромет мамандары 1-3 тамыз аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады. 

ауа райы
Фото: Pexels

Ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

Республиканың бүкіл аумағында өткінші жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, жел күшейеді.

Еліміздің солтүстік жартысында қатты жаңбыр жауады, бұршақ, қатты дауыл бар.

Елдің оңтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы, күн ашық болады.

Республиканың батысында күндізгі уақытта ауа температурасы +31+36°С дейін жоғарылайды.

Ал елдің қалған аумағында температура біртіндеп төмендейді. 

Соңғы жаңалықтар