Жаздың жылы лебі қайтады: 1 қазанда жаңбыр жауып, күн суытады
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі 2026 жылғы 29 қыркүйек — 1 қазанға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің мәліметінше, 29–30 қыркүйекте республиканың басым бөлігінде атмосфералық қысымы жоғары өрістің әсері сақталады. Осыған байланысты жауын-шашынсыз, негізінен ашық ауа райы күтіледі.
— 1 қазанда атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр, найзағай күтіліп, жел күшейеді. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда кей жерде тұман болжанады. Елдің солтүстік жартысында 1–3°C аяз сақталады. Күндіз ауа температурасы елдің солтүстік жартысында +15…+23°C болады. Оңтүстік жартысында ауа температурасы +20…+25°C-тан +15…+23°C-қа дейін төмендейді. Таулы аудандарда +10…+15°C-тан +8…+13°C-қа дейін төмендеуі күтіледі, — делінген хабарламада.
Бұған дейін Шығыс Қазақстанда күздің алғашқы айында ауа райы құбылмалы болатынын жазғанбыз.