Жаздың алғашқы аптасында елордада қандай шаралар өтеді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 4-9 маусым аралығында Нұр-Сұлтан қаласының мәдениет және спорт мекемелерінде өтетін апталық шаралар жоспарын ұсынады.
Мәдениет және спорт басқармасынан мәлім еткендей, 4 маусым күні сағат 10.00-де №65 мектеп-гимназиясында асық атудан мүмкіндігі шектеулі оқушылар арасында «Жастар-2019» қалалық ашық чемпионаты өтеді.
Сағат 10.00-де «Алау» атқыштар тирінде нысана көздеуден Нұр-Сұлтан қаласының чемпионаты басталады.
Сағат 10.00-18.00 аралығында «АЛЖИР» мұражайында Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Рәміздер - тәуелсіздік белгісі!» атты көрме өтеді.
4-6 маусым аралығында (сағат 10.00-де) Оқушылар сарайында 2004-2005, 2006-2007 жылы туған қыздар арасында гандболдан Нұр-Сұлтан қаласының чемпионаты ұйымдастырылады.
Сағат 11.00-де Бейбітшілік және келісім сарайында А. Анатольеваның «Снежная королева» ертегісі қойылады.
Сағат 19.00-де «Астана Опера» МОБТ камералық залында «Музыкалық өнер жауһарлары» симфониялық музыка концертін тамашалауға болады.
Сағат 19.30-да Astana Ballet-те Оскар Уайльдтың «Саломе» пьесасы бойынша бір актілі балет қойылады.
5 маусым
Сағат 11.00-де Бейбітшілік және келісім сарайында Н. Гернеттің «Волшебная лампа Аладдина» ертегісі қойылады.
Сағат 13.00-де ЭКСПО аумағында «Нұр Әлем» ғимаратында асық атудан және бес асықтан 2006-2008 жылғы жасөспірімдер арасындағы Нұр-Сұлтан қаласының ашық чемпионаты басталады.
5-6 маусым күндері сағат 19.00-де Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында И. Кальманның «Каборе жұлдызы» музыкалық комедиясын тамашалауға болады.
6 маусым
Сағат 10.00-де тарихи-мәдени мұра ескерткіштері мен объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі дирекциясы А.С.Пушкиннің ескерткіші жанында Александр Пушкиннің туғанына 220 жыл толуына арналған поэзия және шығармашылық кешін өткізеді.
Сағат 10.00-де «Алатау» СК-да жүзу спорт түрінен мүгедек спортшылар арасында Нұр-Сұлтан қаласының ашық турнирі өтеді.
Сағат 11.00-де Бейбітшілік және келісім сарайында Л. Никитинаның «Приключения Незнайки и его друзей» ертегісін тамашалауға болады.
Сағат 19.00-де «Астана Опера» МОБТ камералық залында «Классикамен үндескен күй» концерті өтеді.
Сағат 19.00-де «Nomad City Hall»-да «Ричард ІІІ» қойылымы қойылады.
Сағат 19.30-да Astana Ballet-те П. Вирский атындағы Украина ұлттық би ансамблінің қойылымы басталады.
7 маусым
Сағат 11.00-де Бейбітшілік және келісім сарайында А. Хайттың «День рождения Кота Леопольда» ертегісі сахналанады.
Сағат 19.00-де Бейбітшілік және келісім сарайында К. Гальдонидің «Кьоджинские перепалки» комедиясын тамашалауға болады.
Сағат 19.00-де Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры Е. Щварцтың «Күлшеқыз» ертегісін ұсынады.
8 маусым
Сағат 18.00-де «Nomad City Hall»-да «K-Pop» Корей фестивалі басталады.
Сағат 19.00-де Конгрес орталығында «RAUF пен FAIK» концерті өтеді.
8-9 маусым күндері сағат 10.00-де «Дәулет» СК-да теннистен «Қызғылт сары доп» турнирі өтеді.
Сағат 12.00-де «Барыс Арена» спорт кешенінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирі басталады.
Сағат 12.00-де Бейбітшілік және келісім сарайында М. Непряхиннің «Маша, Серый және Потапыч» ертегісі қойылады.
8 - 9 маусым күні сағат 12.00 және 14.00-де Қуыршақтар театрында А.Салаеваның «Шығыс бояулары» шарасы ұйымдастырылады.
Сағат 18.00-де Бейбітшілік және келісім сарайында К.Людвигтің «Примадонны» комедиясы қойылады.
Сағат 18.00-де «Астана» концерт залында симфониялық оркестр XIX концерттік маусымының жабылуы, Мансұр Сағатовтың 80 жылдығына арналған концерті басталады.
Сағат 18.00-де «Астана Опера» МОБТ камералық залында «Сенбілік классика» концерті өтеді.
9 маусым
Сағат 10.00-де Ботаникалық бақтың «Астаналық», «Жерұйық» және «Жетісу» саябақтарында «Fitness Park Nur-Sultan» бағдарламасы бойынша спорттық іс-шаралар (CrossFit, йога, бокс, бразилиялық джиу-джитсу, Zumba) легі өтеді.