Жаздың соңғы күндері ауа райы қандай болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет синоптиктері 29 тамыз-1 қыркүйек аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жаздың соңғы күндері ауа райы қандай болады

Алдағы үш тәулікте республиканың басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

Найзағай жарқылдап, қатты жел тұрады, жаңбыр, сондай-ақ бұршақ та жаууы мүмкін.

Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауып, ауа температурасы біртіндеп төмендей береді.

Ауа температурасының ең қатты төмендеуі республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде байқалады.

Түнгі уақытта ауа температурасы 3-11 жылыға дейін, күндіз 10-18 жылыға дейін төмендейді.

Тек еліміздің шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында кезеңнің басында жылы болады.

Содан кейін 1 қыркүйекке қарай температура түнде 10-15 жылыға дейін, күндіз 20-25 жылыға дейін төмендейді.