Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Жазғы Азия ойындарының басталуына 30 күн қалды

АСТАНА.KAZINFORM – Жапонияда өтетін ХX жазғы Азия ойындарының басталуына небәрі 30 күн қалды.

в
Фото: ҰОК

Азия Олимпиада кеңесінің хабарлауынша, Жапониядағы жазғы Азия ойындарына сары құрлықтың 45 елі мен аймағынан 11 000-нан астам спортшы, сондай-ақ халықаралық спорт ұйымдарының шамамен 6000 делегациясы мен лауазымды тұлғалары қатысады деп жоспарланған. 

Ойындарда 43 спорт түрінен 469 медалдар жиынтығы сарапқа салынады. Іс-шараларға қызмет көрсету және хабар таратуға шамамен 10 200 ерікті және 5300 тіркелген БАҚ қызметкері қатысады.

ҚР Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, Қазақстан құрамасы спорттың 35 түрінен сынға түсуді жоспарлап отыр. Құраманың алдын ала тізіміне 571 спортшы енген. Бұл Ханчжоуда өткен алдыңғы Азия ойындарындағы көрсеткіштен жоғары. Ол кезде Қазақстан атынан 523 спортшы өнер көрсеткен еді.

Еске салайық, ХX жазғы Азия ойындары 2026 жылдың 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтеді, ойындардың ұраны — Imagine One Asia («Біртұтас Азияны елестет»).

Айта кетерлігі, 1958 жылғы Токиодағы Азия ойындары мен 1994 жылғы Хиросимадағы Азия ойындарынан кейін Жапония осымен үшінші рет жазғы Азия ойындарын өткізіп отыр. 

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Аичи-Нагоя-2026 Азия ойындары медальдары таныстырылды.