Жазғы дөңгелекпен жүрген жүргізушілерге қанша айыппұл салынады

көлік дөңгелек
Фото: Kazinform

Көлік жүргізушілері 1 желтоқсан мен 1 наурыз аралығында қысқы дөңгелекпен жүруге міндетті. Техникалық регламент талабы осындай. Бұл туралы ӨКҚ брифингінде Салтанат Әзірбек айтты, деп хабарлайды Kazinform.

Спикердің сөзінше, тәртіп сақшылары ҚР Әкімшілік кодексінің 590-бабының 5-бөлігі бойынша қысқы уақытта жазғы дөңгелекпен жүрген жүргізушіге айыппұл салуға құқылы.

Бұл айыппұлдың ең төменгі мөлшері — 5 АЕК, егер бір жыл ішінде жүргізуші осындай заңбұзушылықты қайта жасаса, онда айыппұл 10 АЕК-ке дейін артады.

«Қыс таяп қалды, сондықтан 1 желтоқсаннан 1 наурызға дейін біздің барлық көліктеріміз қысқы резеңкеге ауысуы керек. Бұл — қауіпсіздік талаптары, өйткені ірі мегаполисте алғашқы жауын-шашыннан кейін аласапыран басталады. Оның себебі — жүргізушілер қыс мезгіліне дайын емес», — дейді Салтанат Әзірбек.

Ол жүргізушілерді алдын ала қамданып, көлікті қыс кезіне ертерек дайындауға шақырды.

Полицейлер 1 қарашада осы бағыттағы профилактикалық жұмысты бастады.

Соңғы жаңалықтар